Ақтауда әскери теңіз күштері 170 матроспен толықты
Ақтауда шоғырланған әскери теңіз күштері 170 матроспен толықты, деп хабарлайды 24kz.
Жуырда әскерге шақыртылған жастар «Мәңгілік алау» монументі алаңында салтанатты түрде ант тапсырды. Өңірлерден келген жақындары ұлдарының өз Отанын қорғауға уәде берген сәтін көрді. Арнайы жасақ көрсеткен қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін тамашалады. Монументке гүл қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқандарды еске алды. Алдағы уақытта жас матростар теңіз терминдерін жаттап, жалпы әскери дайындық курсынан өтеді. Одан әрі әскери теңіз мамандықтарын меңгеруге кіріседі.
Ерасыл Қыдырбаев, ҚР ҚМ ӘТК №29011 ә/б матросы:
- Атырау қаласынан осыдан 45 күн бұрын шақыртылған болатынмын. Осы күндерде әскери өмірдің ұқыптылығына, тазалығына және де басқа жақсы жақтарынан өзімді көрсете білдім деп ойлаймын. Болашақ жас буынға айтарым – әскерден қашпай, өздерінің әскери борыштарын адал атқарса екен деймін.