Атырауда 30 шақты ойын алаңы салынады

Атырауда балаларға арналған 30-ға жуық ойын алаңы салынып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Сондай-ақ 6 спорт алаңы бой көтеріп жатыр. Құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 724 млн теңге бөлінген. Бұған дейінгі тәжірибені есепке алған мамандар биыл сапаға ерекше мән берілгенін айтады.

Сондай-ақ қаланы көркейтуге арналған жобада ауылдық округтер де қалыс қалмаған. Қазір орталықтан бөлек, Көкарна, Береке, Құрсай және Геолог ықшамаудандарында да құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Былтыр 15 ойын алаңы мен 40-қа жуық спорт алаңы салынған еді.

Ғасырбек Төлеген, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

- Жер теліміне байланысты әртүрлі көлемде балалар ойын алаңдары салынып жатыр. Бірқатары қазір салынып, тапсырылып жатыр. Бірқатары кейбір құрылыс материалдары бойынша жуық арада аяқталады. Мердігер мекеме өзінің барлық жұмыстарына 3 жыл мерзімде кепілдіктері бар. 3 жыл көлемінде ақаулар пайда болса, мердігер мекеме өз қаражы есебінен жөндейді.