Бес мыңға жуық мүгедектігі бар азамат квота арқылы жұмыс тапты
Қазір елде ерекше қажеттіліктері бар 108,9 мың отандасымыз екі қолға бір күрек тапқан. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Ал жалпы елде 730 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Олардың 380 мыңға жуығы еңбекке қабілетті жаста.
Биыл жыл басынан бері мүгедектігі бар 15 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен қамтылды. Қазір 874 адам тұрақты жұмыс тапқан. Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр және зиянды жұмыстарды есепке алмастан, жұмыс орындарының 2-4%-і көлемінде квота бөлуі тиіс. Биыл І тоқсанда осы квота арқылы 4,8 мың адам жұмысқа орналастырылған. Тағы айта кету керек, халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 айлық есептік көрсетік мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі.