Екі млн шаршы метр аумаққа геологиялық барлау жүргізілді
Елде жер қойнауын геологиялық барлауға арналған мемлекеттік бағдарламаның ауқымды кезеңін аяқталды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 6 жыл ішінде 2 млн шаршы метр аумақ зерттелген. Нәтижесінде болжамды ресурстары бар 38 аумақ анықталды. Онда 3,7 млн тонна мыс пен никель, 2,6 млн тонна сирек жер металдары, 1,1 млрд тонна қоңыр көмір және 19 тонна алтын болуы ықтимал. Сонымен қатар Арал шөгінді бассейнінде 266 млн тонна көмірсутек ресурстары бары расталды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында геологиялық барлауға 306 лицензия берілген. Салаға тартылған жеке инвестиция көлемі 137 млрд теңгеден асты. Қалған 200 мың шаршы метр аумақты зерттеу алдағы екі жылдың еншісінде. Негізгі бағыт оңтүстік және батыс аймақтар болып отыр.
мыс пен никель – 3,7 млн тонна
сирек жер металдары – 2,6 млн тонна
қоңыр көмір – 1,1 млрд тонна
алтын – 19 тонна
лицензия - 306
инвестиция - ₸137 млрд