Арқалықта жаңа мектеп ашылды
Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды 24kz.
300 орындық білім орадасы «Жайлы мектеп» бағдарламасымен салынған. Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр жаңа мектепке барды. Нысанның іске қосылуы қаладағы мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазір мектепте 316 оқушы оқиды, оның ішінде 42-сі 1-сынып оқушысы. Балалар екі ауысымда оқиды. Мектепте робототехника кабинеттері, цифрлық зертханалар мен практикалық сабақтарға арналған шеберханалар бар.
Ақтоты Жанаралқызы, №7 орта мектебінің директоры:
- 2024 жылдың қараша айында біздің Арқалық қаласы үшін үлкен бір елеулі орқиға болды. Ол көп жылдан бері біздің қаламызда жаңа мектеп салынып тапсырылды. 316 оқушы білім алуда. 18 сынып қабылданды. Сондай-ақ логопед кабинеті, психолог кабинеті әлеуметтік педагог және инклюзивті кабинеттер де қарастырылған. Оқу процесі заманауи жабдықталған кабинеттерде өтеді.