Шымкентте баламалы энергетиканы дамыту үшін геоақпараттық карта әзірленіп жатыр

Шымкенттік ғалымдар баламалы энергетиканы дамыту үшін геоақпараттық карта әзірлеп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Ғылыми жаңалық күн және жел станцияларының орналасу аймағына сараптама жасауға мүмкіндік береді. Арнайы қосымшада ауа температурасы, желдің жылдамдығы, халық саны мен қоршаған ортаның жүй-күйін бағамдауға болады. Күннің ұзақтығы мен қуат алу мүмкіндігіне де талдау жасайды. Жобаны модельдеу ісі Ғылым және жоғары білім минстрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Егер бекітілсе, алдағы үш жылда енгізіледі. Жалпы баламалы энергия көздерін оңтайландыру арқылы экологиялық ахуалды нақты уақыт режимінде бақылауға болады. «Сондықтан ғалымдар жасыл энергетиканы дамыту «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыты саналады»,  -дейді.

Нұрсұлтан Файз, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті:

- Электр энергиясы дегенде глобальный ойлаймыз. Бізде локальный ойлау жүйесін қалыптастыру әлі де дамытып, зерделеп, зерттеп қажет. Күннің түсуінен бөлек ол жерде қолайлы ма, аудандастыру мәселесі қалай қарастырылған, оның климаттық, метрологиялық жағдайлары толығымен қамтамасыз етілген бе, гибридтік жүйеге қосатын болса, жанында қосалқы станция орнатылған ба? Осы мақсатта қазіргі таңда геоақпараттық карта әзірленіп жатыр.