Елордада «Ұлттық өнім – 2025» көрмесі басталды. LIVE
Елордада Қазақстан өндірушілерінің «Ұлттық өнім» көрмесі басталды. Биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 350-ден астам кәсіпкер қатысып жатыр. Тағам, жеңіл және химия өнеркәсібінен бастап машина жасау, құрал-жабдықтар мен зергерлік бұйымдарға дейін осы көрмеден табуға болады.