WorldSkills Astana-2025 чемпионаты басталды
Елордада өз мамандығын ең мықты меңгерген студент анықталады.
Бүгін «Worldskills Astana-2025» чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі жарысқа бас қаладағы барлық колледж қатысып жатыр. Биыл бәсекеге түсетіндердің саны да, сайыс түрлері де көбейген. Тіпті қатысушылар бірнеше арнайы топтарға бөлінді дейді ұйымдастырушылар.
Мұхамедали Ержан "Astana Polytechnic" колледжінің студенті. ІТ мамандығы бойынша білім алып жүр. Worldskills туралы естіп, жарысқа тұрақты дайындалған. Қарсыластарыма тосын сый да әзірлеп қойдым дейді жас өнертапқыш.
Мұхамедали Ержан, «WorldSkills Astana-2025» қатысушысы:
- Мен андройд студио деген қосымша бойынша дайындалып жатырмын. Бұл жерде 4 модуль. Негізі тапсырма бес модуль болуы керек. 4 модуль бойынша тапсырып жатырмын. Бесіншісі құпия түрде. Ертең жарыс күні анықталатын болады.
WorldSkills әлемнің 80-нен астам елінде таралған халықаралық қозғалыс. Оның негізгі мақсаты - жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және насихаттау. Еліміз 2014 жылы бұл қауымдастыққа қосылып, содан бері тұрақты өткізіліп келеді. Жыл сайын бағдарлама жаңартылады.
Ақмарал Хон, қалалық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы:
- Биыл 50 компетенция бойынша өткіземіз. Оған қоса Abilympics, DeafSkills, JasSkills чемпионаттары да өтеді. JasSkills балалардың арасында, Abilympics мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында.
Биылғы бәсекеге 300-ден астам студент қатысады. Ал 16-30 мамыр аралығында өткен жарыста топ жарған жастар Ұлттық чемпионатқа жолдама алады.
Серік Селеубайұлы, Артур Горшняков