Алматыда ҚХА жаңа форматы талқыланды
Құрылғанына 30 жыл болған Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа бағытта жаңғыра түседі. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен диалог алаңында айтылды.
Жиынға Парламент Сенатының депутаты Геннадий Шиповских, Қазақстан халқы Ассамблеясы басшылығы, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сарапшылар мен белсенділер қатысты. Мақсат – ассамблеяның өткенін қорытындылап, болашағын бағамдау. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясында айтқан міндеттерін орындау. Яғни ассемблеяның жаңа доктринасы қабылданып, заман талабына сай мақсаттары бектіледі. «Жаңа бағыт қоғамның талабын ескере отырып, «Бір ел – бір мүдде» ұстанымына сай жетілдіріледі», – деді Сенат депутаты Геннадий Шиповских. Мұндай форматтағы жиын еліміздің басқа өңірлерінде де ұйымдастырылады.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Біздің қазіргі бірінші миссиямыз – бұл ҚХА форматын одан әрі жетілдіру. Сонымен қатар біз ҚХА әрі қарай тек қана қазақстандық деңгейде емес, сонымен қатар әлемдік деңгейде бренд ретінде оны қалай айналдырамыз, осы жұмыстарды қалай іске асырамыз? ҚХА 2030 жылғы дейінгі даму тұжырымдамасын дайындау.
Расул Ахметов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
- Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін тиімді ету бойынша пікір алмасуға арналған алаң ұйымдастыру қажет. Жаңа ұсыныстар мен жаңа форматтарды әзірлеу. Оның ішінде жастармен жұмыс, ұрпақтар сабақтастығы. Басты міндет –Мемлекет басшысының сессияда қойған міндеттерін орындау.