Екі халықаралық есірткі арнасы жойылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция жүргізді. Аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды.
Заңсыз айналымнан 20 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Бүгінде есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.