Жамбыл облысында бұрын сотталғандар жасаған қылмыс 20% азайды

Жамбыл облысында бұрын сотталғандар тарапынан жасалған қылмыс азайды, деп хабарлайды 24kz.

Былтырғы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 20% азайған. Құқық қорғау органдары бұл ретте электронды бақылау құрылғысы айтарлықтай септігін тигізді деп отыр. GPS сенсорымен жабдықталған 100-ге жуық білезік аса ауыр қылмыс және педофилияға қатысты жазасын өтеп шыққандарға тағылды. Мамандар құрылғы арқылы есепте тұрған адамдарды тәулік бойы қадағалайды. Жалпы облыс бойынша 1570 адам пробация қызметінің есебіне алынған.

Ғалымжан Әбдіразақов, қалалық пробация қызметінің бастығы:

- Түнгі уақытта тексереміз біз сотталғандарды. Ай сайын тексереміз мекен жайын 2 рет, 3 реттен тексеріп тұратынбыз. Қазір де тексереміз ғой, бірақ сотталғанды осы жұмыс орнында отырып-ақ қадағалап отырамыз. Осы пробациялық бақылауды бұзғаны үшін 50-ге жуық құқық бұзушылықтар анықталды. Осы құрылғыны жаппай пробациялық есепте тұрған сотталғандарға қолдану жоспарлануда.