Қызылорда облысында бір айда 11 мың жүргізуші жол ережесін бұзған
Қызылорда облысында мас күйінде көлік жүргізген 90 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды 24KZ. Заң талаптарын өрескел бұзғандар «Қауіпсіз жол» акциясы кезінде анықталды. Бір айда 11 мың құқықбұзушылық анықталды.
Ең сорақысы, көлік тізгіндеген 200 адамның жүргізуші куәлігі болмаған. Көбі жылдамдықты асырып, жол белгілерін елемеген. Сонымен қатар техникалық байқау мен сақтандыру мерзімін өткізіп алғандар да болды. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы акция жол қауіпсіздігін күшейтуге арналды. Себебі жыл басынан бері аймақта 400-ден аса көлік апаты тіркелді. 29 адам қаза тауып, 500-ден астамы жарақат алды.
Мұратбек Манатов, облыстық ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы:
- Іс-шараның 30 күнінде жол саласы қауіпсіздігі бойынша 10 975 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мопед 63 шетел көлігі автокөлігі 134. Автокөлік айып тұрағына қойылып, 377 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеуге алынды. Осы «Қауіпсіз жол» іс шарасы 20-мамырдан бастап 20 маусымға дейін тағы бір айға созылды.