Қызылордада еңбек жәрмеңкесінде 8000 жұмыс орны ұсынылды

Қызылордада өткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде 8 мың жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды 24kz.

Жұмыс берушілер қатарында жергілікті кәсіпорындар мен Ұлытау, Абай, Солтүстік, Шығыс Қазақстан мен Павлодар және Қостанай облысының өндіріс орындары бар. Жалпы бүгінде мемлекеттік қызметкерлерге, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен білім беру, денсаулық сақтау саласының мамандарына сұраныс көп. Жәрмеңкеде жұмыс берушілер еңбек жағдайы, жалақы мен әлеуметтік қолдау тетіктерін таныстырды. Іс-шарада өз бизнесін ашқысы келетіндерге де кеңес берілді. Сонымен қоса, «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай өңірде өндірілген тауарлар көрмесі ұйымдастырылды.

Төремұрат Ағыбаев, Қостанай облысының тұрғыны:

- Біріншіден, механизаторлар жетіспейді, жүргізушілер жетіспейді, заңгер жетіспейді, есепшілер жетіспейді. Ауылдық округке медбике керек. Ауылдық округтің мектебіне бізге мұғалімдер жетіспейді. Тағы да бос маман орындары бар. Сол үшін біз келіп отырмыз.

Дильназ Айкөрген, Қызылорда облысының тұрғыны:

- Вакансия өте көп. Күшті бәрі керемет. Екінші курс оқимын Қорқыт ата университетінде. Әлеуметтік жұмыскер мамандығында. Практикада жүрмін Отбасын қолдау орталығында. Ашылуына келдім жәрмеңкенің. Алдағы уақытта көремін.