Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін ұлғайту қажеттігі айтылды
Елімізде қуаты 3 ГВт-тан асатын 154 жаңартылған энергия көздерін өндіретін электр станциясы жұмыс істейді.
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен энергетикалық кеңестің отырысында айтылды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл қуаты сағатына 450 кВт-дан астам жасыл энергия өндіретін тоғыз нысан іске қосылмақ. Ал жалпы 2030 жылға дейін жиынтық қуаты 2,3 ГВт болатын 93 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Биыл алғаш рет жел генерациясының ірі жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді. Бұл сала елімізде жоспарлы түрде дамып, мемлекет тарапынан белсенді қолдау табуда. Үкімет басшысы жаңартылған энергия көздеріне қатысты жобаларды қолдауды күшейтуді тапсырды. Оларды енгізу мен іске асыруға ғылыми тұрғыдан көзқарастың қажеттігі айтылды. Сондай-ақ Олжас Бектенов инвесторлардың келуін және бастамаларды іске асыруды тежейтін әкімшілік кедергілерге жол берілмейтінін атап көрсетті.