«Жанұя» орталықтары әр отбасына көмек көрсетеді
Қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетіледі.
Бұл жайлы бүгін елордалық «жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өткен шарада айтылды. Онда алдағы балаларды қорғау күніне арналған жиын өтіп, отбасы мен бала тәрбиесіне қатысты мәселелер көтерілді. Айта кетейік, «Жанұя» орталықтары еліміздің барлық аймағында жұмыс істеп тұр. Мұнда отбасыларға құқықтық, психологиялық көмек көрсетіледі. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері орталыққа 18 мыңнан астам азамат жүгінген. Іс-шара Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Камшат Белденова, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы директорының орынбасары:
- Біз қиын жағдайға тап болған жанұяларға ұдайы көмектесіп тұрамыз. Күн сайын әртүрлі өтініш келіп түседі. 13 жастағы баласы мектепке бармайтын отбасылар бар. Көпшілігі тұрғын үй кезегіне қалай тіркелетінін білмейді. Осы отбасын қолдау орталықтары ашылғалы ілгерілеу бар. Өйткені мұнда бізге келген отбасы мүшелерімен кешенді жұмысы жүргіземіз.