СҚО-да шомылуға рұқсат етілген 60 орын белгіленді

Солтүстік Қазақстан облысында 60 шомылу орны белгіленді, деп хабарлайды 24kz.

Жаңа маусымның алдында олар абаттандырылып, ескерту белгілері қойылып жатыр. Сонымен қатар құтқару жасақтары ұйымдастырылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды. Олар өзен-көлдерде тәулік бойы кезекшілік етеді. Биыл төтенше жағдайлар қызметкерлері рұқсат етілмеген жағажайларды дронмен бақыламақ. Ұшу апараттарына дауыс зорайтқыш қондырғысы қосылған. Жалпы өңірде 2 мыңнан аса су айдыны бар. Соның ішіндегі ең қауіптісі Есіл өзені.

Темірхан Сағындықов, қалалық ТЖБ офицері:

- 2025 жылғы су тасқынының әсерінен қазіргі уақытта Есіл өзені жағажайында түсуге тыйым салынған. Себебі ол жердің қатты ағыстың әсерінен Есіл өзенінің түбін шайып кетті. Сол себепті қазір Есіл өзенінде түсу өте қауіпті.