Алматыдағы Aport Mall West жаңа аквапарк ашады

Алматыдағы ең ірі Aport Mall West ауқымды жаңғыртудан өтіп жатыр. Өзгерістер Mall-дың өзіне ғана емес, сонымен қатар жазғы аквапарк аймағына да қатысты. Енді бұл аймақ Miami Sunrise деп аталады. Қазір қонақтарды қарсы алуға қызу дайындық жүріп жатыр. 

Ташкент тасжолының бойында орналасқан Aport Mall енді Aport Mall West деп аталады. 16 жылдың ішінде бұл жерге 180 миллионнан астам адам келген. Қазір кешеннің сыртқы және ішкі көріністері жаңартылып жатыр. Инженерлер тиімді экологиялық салқындату жүйесін енгізіп жатыр. Архитекторлардың да жаңа қолтаңбасын байқауға болады.

Тимур Мұхамеджанов, Aport молдарының басқарушы директоры:

- Біз Алматы агломерациясындағы ең ірі салық төлеуші ғана емес, сонымен қатар ең ірі жұмыс берушіміз. Бізде шамамен 5000 адам жұмыс істейді. Мұнда жақын және алыс шет елдердің шамамен 300 бренді ұсынылған.

Реконструкциядан кейін жазғы аквапарк аймағы жаңа Miami Sunrise атауымен қайта ашылады. Қонақтар үшін заманауи хауыздар, атап айтқанда, жылы суы бар бассейн, су аттракциондары, Splash-аймақ, баскетбол алаңы жасалып жатыр. Сондай-ақ тамақтану аймағы да жаңартылады.

Айгүл Астаева, Hawaii & Miami және Sanremo Resort & SPA аквапарктерінің басқарушы директоры:

- Жалпы алғанда біздің мақсатымыз – қала тұрғындарына жайлы жаз сыйлау. Олар отбасы мүшелерімен шетелге ұшып, көп уақыт пен қаражат жұмсамай-ақ, Mall-да жақсы уақыт өткізе алады.

Mall-да цифрлық және тұтынушыларға арналған жаңа қызметтер пайда болып жатыр. Мәселен, кәсіби байерлер таңдауыңызға сай қызмет көрсетеді.

Динара Әміренова, Aport молдарының маркетинг директоры:

- Бұл стилистер Aport молдары бойынша жүріп, сізге толық образ жинап береді, суретке түсіріп, өздері киіп көрсетіп, егер ұнаса, чегін жасап, бәрін жинап, сатып алып, сізге жібереді.

Жазғы аймақтың ашылуы 25 мамырға жоспарланған. Ұйымдастырушылар қонақтар үшін қызықты концерт пен бағалы сыйлықтар дайындап жатыр.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Эдуард Кон