Су саласының мамандары болашақта магистратура мен докторантурада оқиды
Атап айтқанда, «Гидротехникалық құрылыс және нысандар», «Мелиорация және суармалы егіншілік», «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру», «Су ресурстарын басқару» және тағы бірқатар мамандықтарды оқытпақ.
Сондай-ақ министрлік алыс-жақын шетелдердің жоғары оқу орындарында студенттерді оқыту үшін грант бөлу мәселесін қарастырып отыр.
Бұдан бөлек, қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталықтары ұйымдастырылады. Ал халықаралық серіктестермен бірге университеттерде жаңадан «Су дипломатиясы» мамандығын енгізу жоспарда бар. Су ресурстары және ирригация министрлігі саладағы кадр тапшылығы мәселесін осылай шешпек.