СҚО-да 90 млн теңге алимент өндірілді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында алимент қарызы бар ата-аналардан 90 миллион теңге өндірілді, деп хабарлайды 24kz.

Прокурорлар олардың есепшотын бұғаттап, қатаң жазалар қолданып жатыр. Осыған байланысты тоғыз адам қылмыстық жауапқа тартылып, біреуі бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, 60 адамның жүргізуші куәлігі тәркіленді. Құжат қарыз толық өтелген жағдайда ғана қайтарылады. Мамандардың айтуынша, құзырлы органның «қара тізіміне» 200-ге жуық ата-ана енген.

Әбу-Әли Саттар, облыс прокурорының бірінші орынбасары:

- Нақты-нақты тапсырма қойдық. Енді 200-дей ата-анаға реестр бойынша тізім жасап, прокурорлар, полиция, жеке сот орындаушылары шара қолданып жатыр.