"Qurban.muftyat.kz" сайты іске қосылды
Құрбан айт жақындап қалды.
Осы орайда елде онлайн құрбандық шалуға арналған сайт іске қосылды. Бүгіннен бастап тұрғындар мал шалуға немесе құрбан етін алуға өтініш қалдыра алады. Ол "QURBAN.MUFTYAT" қосымшасы арқылы жүзеге асады. Сайтта белгіленген баға бойынша қойдың құны 85 мың теңге, ал ірі қара 560 мың теңге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының айтуынша, қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп шала алады.
Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ төраға орынбасары:
- Құрбан айтқа онлайнға тапсырғаннан кейін оның егесі алмайды. Көбінесе жібереді. Содан кейін малдың сойылғаны да көрсетіледі оған. Сөйтіп, оған еріктілер барып таратып береді. Шариғатқа сай болады ол да. Бұл құрбан айттың несі қараңыздар. Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін бірінші күні, екінші күні, үшінші күні ақшам уақытына дейін ғана сойылады. Ақшам уақытынан кейін болмай қалады. Түнде сою макрүһ болады. Осы үш күнде құрбандықты шалып біту керек.