Ақмола облысында мыңнан астам нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 1000-нан астам нысан қолжетімді бола түсті.

Өңірде инклюзивті ортаны қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. Бұл бастама инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Amanat» партиясының жол картасы және Президенттің тапсырмасымен әзірленген «Халықпен бірге» жобасы арқылы жүзеге асуда. Қолжетімді орта денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау мекемелерінде, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор нысандарында жасалған. Жыл соңына дейін тағы 176 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр. Бұған қоса жыл басынан бері облыстық халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті 12 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 9 нұсқама енгізген.

 1037 нысан бейімделді

- Денсаулық сақтау объектісі – 152

- Білім беру мекемесі – 520

- Мәдениет ошағы – 48

- Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым – 266

- Спорт нысаны – 41

- Әлеуметтік қорғау объектісі – 10