Елордада Ұлттық ұланның авиациялық базасында балаларға арналған мерекелік шара өтті

Ұлттық ұланның авиациялық базасында «Бала – еліміздің болашағы» атты мерекелік шара өтті.

Балалар түрлі ұшақтарды өз көздерімен көріп, ішін аралады. Оған қоса, әскери бронды және патрульдік машиналарға отырды. Ұлттық ұланның «Ән-би» ансамблі ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен сахналық көріністер ұсынып, шара қонақтарына ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ «Самурай» атты қызметтік иттің арнайы қойылымы да кішкентай қонақтардың көңілінен шықты. Балалар тас жолға сурет салды, ән мен би сайыстарында өнер көрсетті.

Мәриям Талғат, шара қонағы:

- Мен өзімнің мейрамыма келдім. Ұшақ, тікұшақ, полиция бар. Маған бәрі ұнады.

Гаухар Багашарова, шара қонағы:

- Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Балаларға өте қатты ұнады. Осы бөлімшенің ішкі ереже, тәртібімен таныстық.