Қайтарылған активтер ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтуға жұмсалады

Ұлытау облысында ауыл тұрғындарын ауызсумен қамту жұмыстары қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылады.

Үкімет бұл бағытқа Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңге бөлді. Жоба аясында Ералиев, Ақбастау және Бидайық елді мекендеріне құбыр тартылады. Тиісті жұмыстар аяқталған соң, Жаңаарқа ауданындағы тұрғындардың сапалы ауызсумен қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

 арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді - ₸570 млн

 Ералиев, Ақбастау  жобасы - ₸274 млн

 Бидайық  жобасы - ₸296 млн

 ауыл тұрғындары - 780