Азаматтық альянс өкілдері мемлекеттік рәміздерді дәріптеудің тың жолдарын талқылады

Ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігіне бірінші кезекте ту, елтаңба және әнұран жататыны белгілі.

Қоғамдық келісімді нығайту жолында да мемлекеттік рәміздердің маңызы жоғары, дейді Азаматтық альянс өкілдері. Олар бұл тақырып төңірегінде бүгін өзара пікір алмасты. Жаһанда болып жатқан күрделі жағдайларды ескерсек, төл таңбаларымызды дәріптеудің және қорғаудың тың жолдарын іздеу керек, дейді жиынға қатысушылар. Олардың айтуынша, ұлтжанды азамат өсіру тек отандық білім жүйесінің ғана емес, кез келген қазақстандық отбасының міндеті саналады.

Жарқынбек Амантайұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл елдігіміздің символдық белгісі және үлгісі осы рәміздер болып табылады. Ал оны дұрыс насихаттай білу, таныстыра білу, онымен мақтана білу, жас ұрпақтың бойындағы мазмұнын жеткізу аса маңызды. Тарихта қай кезеңде алып қарасаңыз да, қай мемлекетті, қай тайпаны, тіпті руды алып қарасаңыз да өзінің таңбасы, өзінің ұраны, өзінің белгісі бар. Бұл адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасқан үрдісі.