Заң мен тәртіп: елімізде жасөспірімдер қылмысы үш есе азайды
Кейінгі 10 жылда еліміз бойынша жасөспірімдер қылмысы үш есе азайды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі осындай, деп хабарлайды 24kz.
Дегенмен, Жетісу, Ұлытау, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстары, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларында әлі де нақты шаралар қабылдауды талап етеді. Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша биыл «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы кезінде 23 мыңнан астам бала полиция бөлімдеріне жеткізілген. Оның ішінде 124-і қылмыс жасағаны анықталды. Тағы мыңға жуық бала мен 800-ден астам ата-ана профилактикалық есепке алынды. Олармен қосымша әлеуметтік-тәрбиелік жұмыс жүргізіледі.