Шетел асқан активтерді елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр

Президент тапсырмасына сәйкес заңсыз жолмен шетел асқан активтерді елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Ол үшін Қаржы министрлігі жанынан Арнаулы мемлекеттік қор жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, қайтқан қаражат әлеуметтік нысандар құрылысына жұмсалады.

Бүгінде жалпы сомасы 318 млрд теңгені құрайтын 400-ден астам жоба жүзеге асып жатыр. Атап айтсақ, 9 білім беру нысаны, 3 спорт кешені мен 162 медициналық мекеме бой көтереді. Соның бірі – бас шаһардағы Қ. Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион. Жабық спорт ғимараты мүгедектігі бар азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда 3598 адамға шақталған.