Ақтөбе бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Ақтөбе қаласында 150-ден астам бос жұмыс орнын ұсынған жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл шара –  елімізде жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы кезекті маңызды қадам. Іс-шараға 33 кәсіпорын мен ұйымның өкілдері қатысып, түрлі салада жұмыс іздеп жүрген азаматтарға мүмкіндіктер ұсынды. Жәрмеңкеде өнеркәсіп, құрылыс, сауда, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салалары бойынша сұранысқа ие мамандықтар таныстырылды. Жұмыс берушілер ең алдымен дәнекерлеуші, механик, токарь және электрик сынды техникалық мамандарға мұқтаж екендерін айтты. Биыл бұл Ақтөбе қаласында өткізілген бесінші жәрмеңке. Оны өңірлік Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Венера Урумбаева, Ақтөбе облысы Еңбек мобильділігі орталығының директоры:

- Жұмыссыз азаматтар мансап орталықтарына барып, мемлекеттік бағдарламар туралы кеңес ала алады. Қысқа мерзімді курстар бойынша әлеуметтік жұсыс орындары, жастарға арналған жастар тәрбиесі, ұрпақ келісімшарттары бойынша кеңес алуға болады.