ШҚО-дағы орман аумағына бақылау күшейді

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары орман аумағын бақылауды күшейтті, деп хабарлайды 24KZ. Өңірде құрғақ әрі ыстық ауа салдарынан өрт қаупі сақталып тұр. Оның алдын алу мақсатында 52 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ арнайы бөлімшелері жоқ елді мекендерде 50-ге жуық өрт сөндіру бекеті құрылған.

Бүгінге дейін төтеншеліктер мен жергілікті полиция қызметкерлері бірігіп, тұрғындар арасында 400-ге жуық профилактикалық рейд жүргізген. Мамандар мұндай қауіпті кезеңде орманға бармауды және онда шөп пен қоқысты өртеуге болмайтынын ескертеді. Ал егер жалын тұтанса, «101» немесе «112» нөміріне хабар беруді сұрайды.

Медет Мұқашев, ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы:

- Бүгінгі таңда облыс аумағында 52 мобильді топ құрылып, өрт қаупі кезеңі басталғанна бері 400-ден астам рейдтік шара жүргізілген болатын. Аталған шара барысында 73 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейдтік шара барысында мобильді топтар ұшу аппараттарын қолданады. Жаяу жүру арқылы орман дала алқаптарын өту барысында адамдарға өрт қауіпсіздігі талаптарын жеткізіп, рейдтік шаралар жүргізеді.