О. Бектенов Рolpharma Group өкілімен кездесті

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Polpharma Group бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесіп, елімізде дәрі-дәрмек өндірісін кеңейту бойынша жаңа жобаны талқылады.

Тараптар Шымкент қаласындағы өндірістік әлеуеті кеңейетін «Химфарм» зауыты жайлы әңгімелесті. Кәсіпорын жылына 2 млрд дәрі шығарады. Инвестиция көлемі $60 млн доллардан асады. Оған қоса 300 жаңа жұмыс орнын ашылады. Жергілікті өндірісті дамыту үшін басым терапиялық бағыттар да таңдалған. Оның ішіне туберкулез, созылмалы вирусты С гепатиті және бауыр циррозы, қатерлі ісіктер мен қант диабеті сынды аурулар таңдалды. Ежи Старак Қазақстандағы инвестициялық ахуалға жоғары баға беріп, жаңа өндіріс заманауи техникамен жабдықталатынына және халықаралық стандарттарға толық сақталатынын мәлімдеді. Келіссөзде тараптар ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін растады. Премьер-министр жауапты орандарға қысқа мерзімде инвестиция туралы келісім жобасын дайындауды тапсырды.