Мемлекеттік қызмет тұтынушыға бағдарлануы тиіс

Бүгін – Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі. Президент сала мамандарының мәртебесі мен мерейін әрдайым көтерумен қатар, жауапкершілігінің де жүгі ауыр екенін айтып келеді.

«Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидасын берік ұстану керек», - деді. Мемлекеттік қызмет кез келген қазақстандыққа ашық, ал оның арнайы агенттігі стратегиялық HR-институтқа айналу керек. Қазір саланың сапасын арттыру мақсатында жаңа заң жазылып жатыр. Басты қағида – тұтынушыға бағдарлану. Яғни халықтың қалауын тап басып, талабын қанағаттандыру – Мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеті. Сол үшін бұрынғыдай іштен ілгерлету үрдісі үзіліп, егер тың идеясымен иландыра алса басқа саладағы мамандарға басшы болуға бөгет жоқ. Меритократия ережесі ескеріледі. Сондай лайықты лауазым иесі EQyzmet жүйесімен іздестіріледі. Үміткерлер цифрлық рейтинг негізінде іріктеледі. Артық құжат жинап, шаршамайды. Дәстүрлі қалыпқа қарағанда жаңа жүйе қатысушылар санын бір бос орынға екі есе өсірген. 2026 жылға дейін осы өзгеріс барлық мемлекеттік органға енгізіледі.