ІІМ-де профилактикалық жұмыстарды үйлестіретін дербес бөлімше құру қажет

Ішкі істер құрылымында профилактикалық жұмыстарды үйлестіретін дербес бөлімше құру қажет.

Сонымен бірге құқық қорғау органдарының тиімділігін бағалау тетігін қайта қараған жөн. Өйткені, құқық бұзушылықтың салдарымен күрескеннен гөрі, соны ескерту жағы негізге алынғаны абзал. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмысқа көбінесе тұрмысы нашар отбасыдан шыққан адамдар баратынын айтты. Сондықтан алдын алу шараларымен айналысқанда осы санатқа айрықша назар аудару керегін жеткізді. Бұған әлеуметтік қорғау органдары мен жергілікті билік маңызды роль атқарады. Қысқасы қылмысқа түрткі болатын себептерді ерте анықтап, жойып отыру қажет. Президенттің тапсырмасымен «құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп, Мәжілістің қарауына берілді. Жаңа құжатта профилактикалық шаралармен қамтылатын тұлғалардың санаты кеңейтілмек.