Түркістан облысында 11 мың құқықбұзушылыққа тосқауыл қойылды

«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мен халықты тәртіпке үйретудің және ортақ ережелерді сақтаудың заңды тетігі. Жыл басынан бері осы бағытта Түркістан облысында құзырлы органдардың қатысуымен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Нәтижесінде белгіленбеген орындарда қоқыс тастау, қоғамдық орындарда тазалықты сақтамау сияқты 11 мыңнан астам құқықбұзушылыққа тосқауыл қойылған. Оның ішінде көпшілік орындарды ластаған 9 мыңнан астам адам пен абаттандыру ережелерін бұзған 2 мың тұрғынғы айыппұл салынды.