Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ₸1,3 трлн асты

Отандық аграрлық салада да ілгерілеушілік бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сенсек, соңғы бес айда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 4%-ке ұлғайып, 1 миллиард 300 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл ретте ірі қара мал басы 23%-ке, ұсақ мал 7,8%-ке, жылқы 12%-ке артқан. Ал сүт өндірісі 1 миллион 300 мың тоннадан асып, өткен жылмен салыстырғанда 7,5%-ке көбейген. Қызылша, шұжым өнімдері, өсімдік майы мен ұн өндірісінде де оң өзгеріс байқалады. Алдағы үш жылда салада 700-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұған сәйкес, Алматы облысында қуаттылығы 500 мың тонна болатын қант зауыты мен Жамбыл облысында қуаттылығы 130 мың тоннаны құрайтын жаңа зауыт салынбақ. Сондай-ақ «Тараз қант зауытының» жаңа желісін іске қосып, «Көксу қант зауытының» қуаттылығын 105 мың тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр.

Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Алайда бірқатар тауарлар бойынша импортқа тәуелділік сақталуда – бұл құс еті (73%), шұжық өнімдері (60%), балық (54%), сыр мен ірімшік (57%), қант (42%). Біз бұл мәселені көріп отырмыз және оны шешу бағытында белсенді жұмыс жүргізудеміз – жеңілдетілген қаржыландыру ұсына отырып, сүт-тауарлы фермаларын, қайта өңдеу кәсіпорындарын, құс фабрикаларын салу бойынша инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр.