Бұрынғы Әділет министрі тоғыз жылға сотталды
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оған қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі мөлшерде ақша жымқыру және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша қозғалды. Тергеу "құпия" белгісімен жүргізілгендіктен барлық іс материалдары мен қылмыстың мән-жайы жария етілмейді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.