Қонаев қаласында 11 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр
Қонаев қаласында жалпы құны 245 млрд теңгенің 11 инвестициялық жобасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Олар тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау, коммуналдық және туризм салаларын қамтиды. Сол арқылы мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс орталығында 11 гектар аумақта тұрғын үй кешені салына бастады. 2029 жылға дейін жалпы аумағы 150 мың шаршы метр баспана мен әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі. Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, аталған жаңа ғимараттардан бюджетке жыл сайын 6 млрд теңгеден астам салықтық түсім түседі. Сонымен қатар қалада 48 кереуеттік кардиологиялық орталық құрылысы қолға алынды.
Құрманғали Аманқосов, мердігер компания өкілі:
- Алматы облысы Қонаев қаласында бірнеше инвестициялық жобаны іске асыруға бел будық. Бірінші жобамыз Қазақстанда үш түрлі ірімшік түрін шығару және қатырылған картопты шығару болып табылады. Зауыттың жалпы қуаттылығы күніне 200 тонна болады. Сонымен қатар 250 адам жұмыспен қамтылады деп ойлап отырмыз.