Коммуналдық желіні жөндеуге ₸100 млрд тартылды
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында коммуналдық желілерді жөндеу үшін 100 млрд теңгеге жуық қаражат тартылды, деп хабарлайды 24kz.
Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев.осылай деді. Бұл қаржы есебінен мың шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісі жаңғыртылды. Сондай-ақ бағдарламаны іске асыру негізінде сумен жабдықтау және су бұру мамандарының жалақысы 70%-ке артқан.