Таразда қоқыс тастағандарға ₸60 млн айыппұл салынды

Таразда жыл басынан бері қоқысты бейберекет тастап, тазалық тәртібін бұзған 3 мыңнан астам адам әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды 24kz.

Оларға жалпы 60 миллион теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Табиғат қорғау прокуратурасы мәлімдеді. Жазаға тартылғандар рұқсат етілмеген жерге тұрмыстық қатты қалдықтарды, құрылыс материалдарын төккен. Бүгінде елімізде жаңа «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы жүзеге асып жатыр. «Бұл адамдардың қоғамдық тәртіпті сақтап, қауіпсіз өмір сүруіне кепіл болады», - дейді көпшілік.

Блиц 1:

- Мұндай заңдардың қатаңдатылуы күнделікті тұрмыстағы тазалық пен тәртіпті жақсартуға айтарлықтай әсер етті. Бұл қоршаған ортаны сақтауға және қоғамдық сана-сезімнің артуына ықпал етті.

Блиц 2:

- Кез келген заңға қайшы әрекетті көрген жағдайда міндетті түрде құзырлы органға хабарлау керек деп ойлаймын.

Блиц 3:

- Жалпы негізі пайдаланылмаған жерлерді қайтарып алған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан оны керегіне жарата алатын, қолдана алатын, кәсібін дөңгелете алатын жандарға берген дұрыс деп ойлаймын.

Блиц 4:

- Жасөспірімдерге қабылданған заң дұрыс деп есептеймін. Өйткені балалар арасында қылмыстар көп болып жатыр. Біраз көріп жатырмыз.