Заң мен тәртіп: Ұлытауда есірткіге қатысты 25 қылмыс анықталды
Ұлытау облысында 1 айдың ішінде есірткіге қатысты 25 қылмыс анықталды.
Өңірде қазір «Қарасора» жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Профилактикалық шараның нәтижелері полиция департаменті жанынан құрылған есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі Кеңестің отырысында айтылды. Жалпы жыл басынан бері облыста «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру бағытында нашақорлыққа қарсы 500-ге жуық іс-шара өткен. Есірткі өнімдерін насихаттаған 550 сайт бұғатталып, жүзден астам жарнамалық жазу өшірілді.
Ерлан Оспанов, ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
-Жыл басынан бері біз есірткі құралдарын сақтау, сату бойынша 60 қылмыс анықтадық. Оның ішінде 16-сы есірткіні сату. Қазіргі уақытта «Қарасора» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр. облысымызда 5 шеп бекетін құрдық. 2025 жыл профилактикалық жыл болғандықтан өз тарапымыздан кең көлемде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу алуға бағытталған 550-ден аса іс-шаралар өткізіп жатырмыз.