Жарма ауданында балаларға дене шынықтырумен айналысатын орын жоқ
Абай облысы Жарма ауданының тұрғындары спорт залға зәру. Айтуларынша, балаларға дене шынықтырумен айналысатын орын жоқ.
Әсіресе, Қонырбиік пен Кіші Қарасу ауылдарында жағдай қиын.
«Мектептер жабылып қалуы мүмкін», - деп аландайды көпшілік. Себебі тұрғын саны азайып барады. Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың айтуынша, өңірде мұндай күрмеуі шешілмеген мәселе көп. Сондықтан депутаттар Абай облысына Үкіметтен қосымша қаржы бөлу жағын қарастырмақ.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Олардың сұрап отырғаны: «Мектептерде балалар жаттығатын спорт зал болса», - дейді. «Қосымша ғимарат салынса», - дейді Енді осы мәселені аудандық деңгейде, облыстық деңгейде қарастырып, жобалық-сметалық құжат жасап, әзірлеп, соны қаржыландыру керек. Бұл мәселені жергілікті жерде шешуге болады. Облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Сол арқылы рет-ретімен шешуге мүмкіндік бар.