Елорда халқының саны 1 млн 550 мың адамға жетті

Астана – армандар орындалатын қала. Тәуекелдің жел қайығына мініп, бас қалаға қоныс аударған көпшіліктің ойы осындай. Бүгінде мегаполистегі халық саны 1 млн 550 мың адамға жетті. Көш әлі жалғасып жатыр. Алғашқы төрт айда елордаға 23 мыңнан аса адам көшіп келген.

Осы ретте Астана жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша да көш бастап тұрғанын айта кетейік. Биыл жартыжылдықта 16 100 жаңа жұмыс орны ашылған. 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылса, соның жартысынан көбі жастар. Бас шаһардың экономикасы негізінен шағын және орта бизнестен құралады. Былтыр қала бюджетіне түскен түсімдер 1 трлн теңгеден асты. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш.