Үш жылда мыңнан астам ауыл интернетпен қамтылады

Үш жылдың ішінде 1123 ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады. Меже орындалса 2,3 млн азамат, 500 мыңнан астам отбасы жылдам ғаламтордың игілігін көреді.

Биыл 286, 2026 жылы 446, 2027 жылы 391 ауылдық елді мекенге сапалы интернет барады. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.