9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Бүгін су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Климат мың құбылып, тіршілік көзінің тапшылығы қос бүйірден қысқан осынау шақта бұл саланың салмағы да, жауапкершілігі де жоғары.

Биыл жаңа Су кодексі қабылданды. Су жаңа құжат тозған инфрақұрылымдарды жаңғыртып, қызметкерлердің әлеуметтік әлеуетін арттыруға сеп болмақ. Айтайық, елде 1395 гидронысан бар. Дені тозған. Олқылықтың орнын толтыру үшін жауаптылар бес жылдың бедерінде 42 жаңа су қоймасын салуға бейіл. Бұдан бөлек, 37 нысан жаңғыртудан өтеді. Сондай-ақ маман даярлау ісі де қарқын алады. Себебі салада кадр қат. Қазір сектордағы маман тапшылығы 1,7 мың адамға жеткен. Су шаруашылығына қызметкерлерді көптеп тарту үшін жауаптылар жұмысшылардың жалақысын өсіруге ниетті. Былтыр салада еңбекақы 25% өссе, биыл тағы 50% ұлғаяды. Сол секілді тіршілік көзінің тапшылығын болдырмау мақсатында мемлекетаралық келісімдер де беки түседі.