Алакөл жағалауындағы туристік аймақ жаңғыртылады
Әсіресе, демалушылардың қауіпсіздігіне баса мән берілмек, деп хабарлайды 24kz.
Қазір құтқарушылар мен өрт сөндіру станцияларының құрылысы басталған. Бұл алда-жалда оқыс оқиға болған жағдайда қызметтердің жедел әрекет етуі үшін қажет. Жобаның жүзеге асырылу барысын Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Абай облысына жасаған сапары кезінде аңдап қайтты. Жергілікті атқарушы органдарға көл жағалауындағы тазалықты сақтап, қызмет сапасын жоғарылату тапсырылды.
Айта кетейік, былтыр демалыс маусымында туристік аймаққа 200 мыңнан астам адам келген. Демалушылар саны жылдан жылға артып келеді.
Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:
- Қоқыс жәшіктерінен бастап дәретханалар, киінетін орындар, жаңағы буйлар, арнайы қауіпсіздік шаралары , көмек көрсететін орындар – бәрі жеткіліксіз. Бүгінгі күні оның бәрін өз көзімізбен көріп отырмыз. Жергілікті әкімдіктерге нақты тапсырма берілді. Бүгінгі таңда қатты бақылауда болады.