Көп пәтерлі үйлер бірыңғай стандартпен басқарылады

Бұдан былай көп пәтерлі үйлер бірыңғай стандартпен басқарылады.

Реформа бойынша ескі ереже жойылып, орнына мүлік иелерінің бірлестігі және тікелей бірлесіп басқару тетігі енгізілді. Жаңа талапқа сәйкес, 36 пәтерге дейінгі үйді заңды тұлғасыз басқару мүмкіндігі сақталған. Бірақ шектен асса басқару субъектісімен келісім шарт жасау, міндет саналады. Яғни пәтер иелері кооперативін қайта тіркеу, әр үйге жеке шот арқылы байланыс орнату мен келеңсіздіктерді жою жағы ескерілген. Осылайша, құқықтық негіз сақталып, тұрғындардың мүддесі қорғалады. Сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының  жауапкершілік, ашықтық және бақылау функциялары күйшетілді. Инженерлік әзірлік, өртке қарсы жүйе, лифт, түтін шығу және басқа да инфрақұрылым нысандарын бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының құқықтары бекітілген. Бұдан бөлек шот ашу, есеп беру мен құжаттарды тұрғындарға беру мерзімі бұзылса айыппұл салынады. Оның мөлшері 196 мыңнан 790 мың теңгеге дейін. Ал жарнаның ең төменгі шегі айлық есептік көрсеткішке қарай белгіленеді. Бұл мәслихат арқылы жыл сайын түзету енгіз-беуге және тұрақты индекс-теуді қамтамасыз ету үшін жасалған қадам. Енді реформаның әлеуметтік бағытына сәйкес азаматтардың осал топтарын қорғау шаралары қарастырылған. Мүгедектігі және балалары бар отбасылар кәмелетке толса да мүгедектігі жойылып немесе қайтыс болғаннан кейін де баспанаға мұқтаж мәртебесін сақтайды.