Атырауда есірткі өсірген азамат ұсталды
Атырауда есірткі өсіруге арналған фитозертхана анықталды.
Жедел іздестіру кезінде полицейлер есірткі өсірумен айналысқан 52 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған. Тәртіп сақшылары салмағы 5 келі тартатын 21 түп қарасора тәркіледі. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігі бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.