Семейде көшеде қоқыс тастағандар айыппұл арқалады

Абай облысының төрт мыңнан астам тұрғыны рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін жауапқа тартылды.

Олар полиция жүргізген рейдтер мен бейнебақылау камералары арқылы ұсталды. Темекі тұқылдарын тастайтындар мен үй маңында қоқыс қалдыратындар айыппұл арқалады. Кейбір елді мекенде бейберекет төгілген қалдық үйіндісі пайда болған. Бұл жағдай көше тазалығына және балалардың қауіпсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін деп алаңдайды тұрғындар.

Мөлдір Жолшиева, қала тұрғыны:

-   Көшіп келгенімізге 3 жыл болды. Қыстың уақытында келгенбіз. Ол кезде мына жер бізге көрінбейтін. Қардың астында жатқан болатын. Сондықтан көктем шыққан соң көрдік, елдер келіп қоқыс тастап жатады. Мұнда қанғыған иттер көп жүреді. Балалар ойнайды, мектепке барады. Жақын жерде мектеп бар. Балалар жалғыз өздері барып келеді.

Айдын Ибраимов, Қалалық учаскелік  полиция инспекторы:

 - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілгендей 434-бабының 2-ші тармағы бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық   туралы кодексінің 505-бабы бойынша   20 айлық есептік көрсеткішке жазаға тартылады.