Семейде есірткі сақтаған үш азамат әкімшілік жауапқа тартылды

Оларға 80 сағаттық қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза тағайындалған. Жасыл түсті есірткі тектес затты екі азамат аулада, ал үшінші күдікті өз пәтерінде сақтаған.

Тәркіленген есірткі салмағы бір-екі граммға тартатын кептірілген қарасора болып шықты. Қазір жауапқа тартылғандардың мінез-құлқын пробация қызметінің сақшылары бақылауында.