А. Әлназарова: ауруханаларда күзет күшейтілді
Медициналық мекемелерде күзет күшейтілді. Алда барлық дерлік денсаулық үйлеріне бейнебақылау камералары қойылып, дабыл батырмасымен жабдықталады. Сондай-ақ қызметкерлерге қол жұмсағандар үшін жауапкершілік күшейтіледі.
Бұған ақ халаттыларға жиі жасалатын шабуыл себеп. Бұл жайлы Денсаулық сақтау министі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Сала жетекшісі дәрігерлерге доқ көрсететіндер көбейгенін сөз етті. «Бұл – тек бір дәрігерге жасалған шабуыл емес. Бұл – ондаған пациенттің қараусыз қалуы, ондаған операцияның кейінге шегерілуі. Бұл – бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне төнген тікелей соққы», - деді Әлназарова.