Сауда үйіндегі өрт: өртпен күрес жалғасып жатыр.LIVE
Астанада ала таңнан басталған алапат өртпен күрес жалғасып жатыр. Қызыл жалын өшірілгенімен аумақта әлі де қара түтін будақтап тұр. Қазір сауда үйі маңындағы тұрғындарды көшіру жұмыстары басталған. Кәсіпкерлер болса, тірнектеп жинаған дүниеміз әп-сәтте күлге айналды деп абдырап отыр.
Өздеріңіз көріп тұрғандай сауда үйі аумағында қызыл жалын әлі басылмаған. Құю қара түтіннің будақтап жатқанын көруге болады. Ала таңнан төтеншеліктер тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Ақпарларынша, өртке оранған аумақ 30 мың шаршы метрден асады. Базар 2014 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келген. Қазір мұнда 90-нан аса сауда нүктесі бар деген болжам айтылды. Бүгінгі тілсіз жаудан ғимараттың ішінде барлық мүлік, киім-кешек күлге оранды. Әлі де болса мұнда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оның барысын баяндау үшін дәл қазір менің жаныма Қанат Алтынбеков қалалық ТЖД бастығының орынбасары келіп тұр.
Айта кетсек, оқиға орнында арнайы штаб жұмыс істеп жатыр. Жұмыс тобы зардап шеккен кәсіпкерлерді тіркеп қосымша деректерді жинастыратын болады. Мұндағы азаматтардың көбі несиеге сауда нүктесін ашып, ісін дөңгелетіп отырғандар екен.
Үш қабатты сауда орнындағы арпалыс қашан тоқтары белгісіз. Төтеншеліктер ақпарынша, қазір мұнда 100 қызметкер мен шамамен 60 техника жұмылдырған.