2061 нысан өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес

Екі мыңнан астам нысан Төтенше жағдайлар министрлігінің тіркеуінде тұр.

Бұл ғимараттарда өрт тұтану қаупі жоғары. Жыл басынан бері бес мекемеде алдын-ала тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың 67 фактісі тіркелді. Бұл қатарда істен шыққан дабыл жүйелері мен эвакуация жолдарының жабық болуы бар. Нысандардың қожайындарына кемшілікті жою туралы ескерту берілді.